Үндістан Ресейден мұнай импорттағаны үшін АҚШ пен Еуроодақ тарапынан сынға ұшырап отыр. Алайда бұл импорт Украинадағы қақтығыстан кейін Еуропаға транзит тасымалы тоқтаған соң басталды. АҚШ мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында бұл импортты бастапқыда өзі де қолданды.

Үндістан өз халқын энергиямен қамтамасыз етуді ойласа,  оны сынға алып отырған елдер Ресеймен сауда жүргізіп келеді. Мәселен, Еуроодақ Ресейден 67,5 млрд еуро көлемінде тауар сатып алып, сұйытылған табиғи газды рекордтық көлемде – 16,5 миллион тоннаға дейін импорттады.

Үндістан үкіметінің ресми мәлімдемесінен:

Еуропа мен АҚШ-тың Ресеймен саудасы энергия, металл және химикаттарды тасымалдауға негізделген. Үндістанға жасалған қысым негізсіз. Үндістан экономикасы өз ұлттық мүддесін қорғайтын болады.