Алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев Transfermarkt порталының жаңартылған деректері бойынша Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы болып танылды.

Дастан Сатпаев трансферлік құны қазір 1,8 миллион еуроға (шамамен 770 миллион теңге) бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Сатпаев ҚПЛ ойыншылары арасында көш бастап тұр.

Тізімді Испания құрамасы мен «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль 200 миллион еуроға бағаланып, бастап тұр. Одан кейін «Реалдың» жаңа ойыншысы Франко Мастантуоно (30 млн еуро) және француздық «Лилльден» Аюб Буадди (28 млн еуро) тұр.

Айта кетейік, Сатпаев биылғы маусымда Қазақстан Премьер лигасында 13 ойында 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Әзірге отандасымыз ҚПЛ-да үздік сұрмергендер тізімінде көш басында.