10 мыңнан астам қонақ үй Booking.com-ды сотқа беріп, «құйтұрқыланды» деп айыптады
08.08.2025

10 мыңнан астам қонақ үй Booking.com компаниясын сотқа берді. Қонақтар аялдайтын орындар компаниясының бағаға қатысты құйтырқы қылығына шағымданған.
2004 жылдан 2024 жылға дейін платформада жұмыс істеген «ең жақсы баға» саясатын Еуропалық сот монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп таныды.
Кейін Booking. com бұл тәжірибені жарамсыз қылды. Сот шешімі бойынша қонақүйлер «опық жеген 20 жылы үшін» өтемақы ала алады. Бұл еуропалық қонақ үй индустриясы тарихындағы ең ірі сот процестерінің бірі болады деп күтіліп отыр.
Booking. com болса Hotrec және басқа қонақүйлер қауымдастығының мәлімдемелерін айыптай жөнелді. Бұл процесті «дұрыс емес және жаңылыстыратын» деп атап, «топтық шағым туралы ресми хабарлама» алмағанын айтты.