«Әлемдегі ең кедей, ыңыршағы айналған президент» атанған Хосе Мухика қайтыс болды.

Тоқсан жасқа қараған шағында Уругвайдың бұрынғы президенті көз жұмды. Аты аңызға айналған саясаткердің дүниеден озғаны туралы қаралы хабарды елдің қазіргі басшысы Яманда Орси Х әлеуметтік желісі арқылы естіртті.

Орайы келгенде айта кетейік, бұрынғы президент либералды құндылықтарға құрылған реформалармен ғана емес, сонымен қатар айрықша қарапайым қалпын таныту арқылы да ел сүйіктісіне айналды.  Мансабына, атақ-даңқына қарамастан фермада тұрды, арқаржалақ тұрмыс кешті, жалақысын қайырымдылыққа жұмсады, ал көнтері болған Volkswagen көлігіне берілер 1 миллион долларға құнықпады.

Оның негізгі өмір сүру қағидасы қарапайымдық пен қанағат болды. Саясаткер шектен тыс ішіп-жеуді, қаржы жымқыру мен ашкөздікті айыптап, уақыт пен еркіндіктің маңызына мән беруге шақырды. Бақыт кілтін береке мен қарапайым өмірден іздеді.