Ұлыбританияның Ресей Федерациясымен соғысқа дайындалып жатқаны хабарланды

фото: life.ru
Ұлыбритания Ресей Федерациясынмен қақтығыс болған жағдайда беркініп отыру үшін дайындықты бастап кетті. Telegraph басылымының хабарлауына қарағанда, британиялық шенеуніктерге төтенше жағдайлар жоспарын жаңарту тапсырылған. Олар аталмыш жоспарды бұдан 20 жыл бұрын, яғни 2005 жылы өңдеген.
Telegraph хабарлауына қарағанда, Ұлыбритания тарабы соғыс жағдайына дайын емеспіз деп алаңдап отыр. Жоспарда Ұлыбритания материгіне басып кірген елге қарсы іс-қимыл стратегиясы сипатталады. Сонымен қатар құжатта үкіметтің соғыс жағдайына реакциясы, тіпті, министрлер мен король отбасын қорғау үшін бункерлерді пайдалану, қоғамдық хабар таратуды ұйымдастыру және ресурстарды жинау жайы нақтыланған.
Басылымның хабарлауына сенсек, Ұлыбританияға ядролық емес немесе ядролық оқтұмсықтары бар зымырандар, сондай-ақ кибершабуылдар болған жағдайда қалай амалдайтынын шешіп жатыр. Құжат құпия күйінде қалуы мүмкін екені де аталды.