ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың CITIC Construction Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Янь Цзяньцзянмен кездесті.

Қытай компаниясының астық өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асырмақ.

Бірінші кезеңде крахмал негізіндегі қант өндіру жоспарланып отыр. Жобаның инвестиция көлемі шамамен 1,1 млрд АҚШ доллар болды, ал болашақ кәсіпорынның қуаты жылына 700 мың тонна астық өңдеуге жетеді.

«Біз инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, толық қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров. Ол сондай-ақ инвесторларға өндірістерді салу және жаңғырту үшін 50%-ға дейінгі инвестициялық субсидиялар мен салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылғанын айтты.

Сонымен қатар, жобаны жетілдіру мен нарыққа талдау жүргізуді жүйелейтін жұмыс тобы құрылмақ.