Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқарманың басшысы Дон Баотонмен кездесті. Кездесу барысында атом саласын бірлесе дамыту жайы талқыланған.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, қос басқарма ядролық қауіпсіздік пен экологиядағы тұрақтылық туралы кеңескен. Негізгі басымдық лицензиялау, техникалық сараптау бағыттарына берілетіні мәлім болды.

Алмасадам Сәтқалиев ҚХР азаматтарына еліміздегі атом үрдісін басқару үрдісін таныстырып, жаңа комитеттің құрылғанын хабарлады. Ендігіде Атом энергетикасы агенттігінің және жаңа реттеуші орган – Атомдық қадағалау және бақылау комитеті қызметке кіріседі.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ерекше мән беріліп отырғанын мәлімдеді. 

Келіссөздер аясында тараптар АЭС салу жобасын іске асыру, ядролық отын циклі бойынша ықтимал әріптестік пен ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін де қарастырды.

Қазіргі таңда АЭС жобасын іске асыру бойынша технология жеткізушілердің шорт-листі жасақталған. Бұл тізімге Қытайдың HPR-1000 реакторлық технологиясын ұсынатын CNNC компаниясы да енгізілген.