Тәжікстан азаматы енді әлеуметтік желіде лүпіл басқанына бола түрмеге қамалмайды. 

Президент Эмомали Рахмон әлеуметтік желілерде лүпіл, бөлісу және реакция білдіру бойынша азаматтарға «рақымшылық жасап»,  қылмыс ретінде қаралатын жауапкершілікті алып тастау туралы заңға қол қойды.

Бұрындары мұндай онлайн-белсенділік танытқан азаматтар 15 жылға дейін қамалатын.

Енді интернеттегі күмән-күдікке толы контенттерге назар салу, тіпті экстремистік деп танылған бұлыңғыр бағыттағы басылымдарды қолдау қылмыс болып саналмайды. Президенттің мұндай тоқтамға келуіне құқық қорғаушылардың сыны және 2024 жылы айтқан тосын мәлімдемесі себеп болғаны айтылды.