Орталық Азияның жаңа көшбасшысы анықталды

Harvard Growth Lab аналитиктері «Экономикасының күрделілігі рейтингін» (ECI) түзіп, Өзбекстанды көшбасшы ел қатарына қосты. Сарапшылардың айтуынша, Өзбекстан нарығы қарқынды түрде дамып келеді.
Сәуірде осы рейтинг негізінде 5 жыл қолданыста болған дүниежүзі елдерінің «Экономикалық күрделілік атласы» жаңартылды.
Ғалымдар Атласта Орталық Азия аймағында Өзбекстанның жетекші болғанын шегендеп айтты. Өзбекстан экономика күрделілігі, диверсификациялануы жөнінен жаһандық рейтингте 25-орынға көтерілген.
«Өзбекстан соңғы жылдары халықаралық деңгейде үздік саналатын озық өсімді паш етуде. Сарапшылардың байламынша, Өзбекстан экспорты әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бірден 162 өнім аталымына ие. Бұл оның әлемдік нарықтағы зор әлеуетін растайды», – деп хабарлады Harvard Growth Lab аналитиктері.
Экономикалық күрделілік жөніндегі әлемдік рейтингте Өзбекстан қайран қалдырарлық өсім танытқан.
Нәтижесінде, биыл өзбек елі жер-жаһандағы экономикалық әлеуетті 145 мемлекеттің ішінде 80-орынға шықты.
Орталық Азияның өзге елдерінің көрсеткіштері келесідей:
- Қырғызстан – 59-орын,
- Қазақстан – 84-орын (бірден 6 позициясын жоғалтып, төмен құлдырады),
- Тәжікстан – 124-орын (5 позицияға жақсартты),
- Түрікменстан – 126-орын (12 позиция жоғалтты).
Әлем бойынша көш басында Швейцария, Жапония, Сингапур, Тайвань мен Оңтүстік Корея тұр.