Кәсіпкерлерге қажетті барлық жүйелер бір арнаға тоғысады. Алдағы уақытта Қаржы министрлігі «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) атты платформа дайындап, цифрлық қызметті іске қоспақ.

Бір платформаға бірнеше жүйе қатар орнығады. Атап айтқанда, қазір елімізде барн:

  • бизнес иелері электронды шот-фактуралар жүйесі (ЭШФ);
  • бірыңғай салықтық төлем (БСП);
  • Кеден;
  • E-Qazyna-тізім;
  • Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесі (СӘАЖ);
  • Qoldau тәрізді түрлі ақпарат жүйелері топтастырылады.

«КБЖК кәсіпкерді тіркеуден бастап салық жеңілдіктерін алу мен сатып алуға дейінгі барлық циклді қамтиды. Аталған кабинеттің көмегімен салық есебін беруге, артық төлемді қайтаруға, төлемді нақтылауға, салық режімін өзгертуге және бюджетпен есеп айырысуды бақылай алады. Яғни, барлығын электронды форматта мемлекеттік органдарға бармай-ақ іске асыруға болады», – деп түсіндіреді министрлік баспасөз қызметі.

Платформаның веб-нұсқасы, Аpp Store және Play Market-тен де жүктеп алуға болатын қосымшасы іске жегілмек. Қазір жобаның даму сатысында тұрғаны, сыртқы платформалармен интеграция аяқталып, интерфейсті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.