«Әмірі жүрмеген». Илон Маскттің АҚШ үкіметіндегі жұмысын «тастауды» ойлайтыны хабарланды

АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы, кәсіпкер Илон Масктің «солшыл күштердің шабуылынан» шаршағаны, АҚШ үкіметіндегі жұмысын тоқтатуды жөн санайтыны хабарланды.
Бұл туралы Washington Post анонимді дереккөзге сілтеме жасай отырып жазады.
Миллиардер DOGE-тің шаруасына араласуды қажетсіз деп тапқан. Мұнымен қоса, оның мемлекеттік қызметі мамыр айында аяқталмақ, деп нақтылады The Washington Post.
Айта кеткен жөн, миллиардердің саяси алаңдағы кейбір бетбұрыстары сәтсіз түйінделді. Мәселен, Масктің шенеуніктерді бақылауды көздеуден туған бұйрығы, «бес жетістігі» көрсетілген апталық есебі жайлы тапсырмасы оң нәтиже бермеген. Көбі «басшыға» жауап ретінде жаттанды хаттарды, нейрондық желі құрған мәтіндерді немесе қарапайым бос файлдарды жөнелте салған.