Qazaq Air әуекомпаниясы атауын өзгертетінін мәлімдеді. Өңін айналдырған компанияның ендігі атауы — Vietjet Kazakhstan.

Іскерлер Қазақстан-Вьетнам өкілдері қатысқан алқалы жиынында мұндай тоқтамға келіп, қол қойды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, — деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ортақ мәміле жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Өйткені сатып алушы SOVICO Group компаниясы болған.

— Мәміленің барлық кейінге қалдыру шарттары орындалды, төлем алынды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді», — деді Жақыпов