«Бұйымды ерітіп, талдап, ақшасын береді». Қытайда алтын қабылдайтын алғашқы банкомат іске қосылды
23.04.2025

Қытайда зергерлік бұйым мен алтын қабылдайтын ақылды құрылғы іске қосылды. Шанхай қаласында орналасқан құрылғының басты ерекшелігі — салмағы 3 грамнан асатын, ал құрамында кемі 50 пайыз алтыны бар зергерлік бұйымдар қабылдауында.
Инновация туралы ndtv.com жазды. Алғашқы алтын қабылдайтын банкомат сауда орталығына орнатылған. Құрылғы бұйымды талдап, ерітіп, оның тазалығын анықтап, тиісті қаражатты 30 минуттың ішінде адамның шотына аударып береді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл банкоматқа қазір сұраныс жоғары. Бос уақыттың бәрі мамыр айына дейін броньдалған.