Астанада өткен халықаралық конференция барысында Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» жобасы  «Алтын Шипагер» үздік белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Elorda media.

Конференцияда Болат Өтемұратов Қорының жаттықтырушылары мамандар үшін шеберлік сыныптарын өткізеді және аутизмі бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліседі.

Қазақстанның 12 қаласында «Асыл Мирас» тегін аутизм орталықтары ашылды. Орталықтар жұмыс істеп келе жатқан 10 жылдың ішінде 16 мыңнан астам бала оқудан өтті, ал олардың дағдылары орта есеппен екі есеге жақсарды.

Болат Өтемұратов Қоры – денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға қызу тартылған көп жобалы қор.

Болат Өтемұратов Қорының негізі 2014 жылы қаланды.  Қор мұраты жайында: 

Біз қоғамды алға бағыттайтын пайдалы және тұрақты шешімдерді жасау үшін адамдар, идеялар мен ресурстарды біріктіреміз, — делінген.