Биыл Африкадағы Руанда мемлекеті Қазақстанға бериллий жеткізе бастайды
28.05.2025

Биыл Шығыс Африкада қоныс тепкен Руанда мемлекеті Қазақстанға бериллий жеткізе бастайды.
Бериллий металлы «Қазатомөнеркәсіп»-ке, Үлбі металлургиялық зауытының қызметін жандандыруға қажет. Өйткені материал телекоммуникацияларда, жартылай өткізгіштер өндірісінде, сондай-ақ аэроғарыш және қорғаныс салаларында қолданылады.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан мен Руанда көшбасшыларының келіссөзінен кейін мәлімдеді.
Жеткізілетін металл көлемі нақтылаған жоқ, бірақ Үлбі металлургиялық зауытынының жылына 1,5 мың тоннаға дейін бериллий өңдей алатыны айтылды.