Біріккен ұлттар ұйымында қаржысыз қалды.  inbusiness.kz сайтының хабарлауына қарағанда,  АҚШ тиісті жарнаны аудармаған. 

Әдетте Ұйымның бітімгерлік операциялары үшін бюджеті бөлек қарастырылады. Бірақ биыл қажетті қаржы қоры жиналмаған. Оған басты донор – АҚШ-тың тиісті жарнаны аудармай отыр. Мұның кесірінен қызметкерлердің жалақысын төлеуде қиындықтар туындап жатыр. Бұған Швейцарияда жүздеген адам қарсы шығып, наразылық білдірді. Енді ұйымның халықаралық көші-қон агенттігі таратылуы мүмкін. Ал ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты ірі агенттіктер бір гуманитарлық органға біріктірілуі мүмкін.