Ауылға баратын медицина қызметкерлеріне қомақты көлемде төлем беріледі
29.04.2025

Ауылда тұратын медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі беріледі.
Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге.
Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуына қарағада, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.