Алманияға қарай ағылған босқындар саны бір жылда 124 мың адамға өсіп, 3,5 миллионға жетті. Олардың, шамамен алғанда, үштен бірі Украина азаматтары.

Германияда тұратын босқындар саны шексіз өсіп, рекордтық көрсеткішке,  яғни, 3,55 миллион адамға жетті. Бұл федералды үкіметтің Бундестагтағы солшыл партия фракциясының өтінішіне берген жауабында көрсетілген, деп хабарлайды KNA агенттігі.

Бұл 2024 жылға тіркелген босқындар саны. Ал 2023 жылы олардың саны 3,42 миллион болған. Соның ішінде 1,2 миллион адам Украинадан барған.

Женевадағы босқындар туралы конвенцияға сәйкес, 710 000 босқын ресми қабылданған. Оның қырық үш мыңы баспана алуға құқығы бар адамдар деп танылған. Елде қалуға рұқсат алғандар саны —  197000, оның 130000-ға жуығы Ауғанстаннан.

Өткен жылы солшыл депутат Клара Бюнгер (Clara Bünger) Германияға 124000 босқын келгенін, олардың 108000-ы украиндар екенін нақтылады. Қазіргі уақытта 200 мың адам елден кетуге міндетті. Үкіметтің мәліметіне қарағанда, олардың 178000-ы уақытша елде қалу үшін рұқсат алған.