Қазақстанда жұмыс істейтін мигранттардың басым бөлігі Қытайдан келген

Қазақстан аумағында 13 891 шетел азаматының еңбек ететінін хабарланды. Ресми дерекке сәйкес, еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген.
1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген. Нақты саны – 4 885 адам. Ал Өзбекстаннан – 1 614 адам, Үндістаннан – 1 150 адам, Түркиядан – 1 124 адам ел аумағында нәпақасын тауып жүр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін (ШЖК) пайдаланатын 1 768 жұмыс беруші бар. Оларда 376 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,4% — ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндердің де санаты белгілі болды. Атап айтқанда, құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам.