«Қазақстандағы кей банктерге ақша салу қауіпті». Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зерттеу нәтижесін жариялады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы кейбір банктерге ақша салу қауіпті.
SREP әдіснамасы бойынша банктерді бағалаудың жыл сайынғы процесі 21 банкті қамтиды, банктердің тәуекел-бейініне жан-жақты талдау төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- бизнес-модельді бағалау,
- капитал тәуекелдері
- өтімділік және корпоративтік басқару жүйесі.
Банктердің тәуекел деңгейін бағалауға негізделген SREP қорытындысы бойынша, нысанаға алынған бактердің 9-ның жағдайы тұрақты. 10-ын әлі жетілдіру қажет. Ал қалған екеуінің жұмысы «өте төмен» деп бағаланды.
SREP өткізу барысында банктердің 23 мыңнан астам ішкі құжаты зерделенген, жүргізіліп жатқан бағалаудың транспаренттілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында банктермен сұхбат жүргізуге 105 сағат жұмсалған.
Орайы келгенде айта кетейік, SREP – бұл банктің ең төмен талаптарға формалды сәйкестігін емес, оның тәуекел-бейінін кешенді бағалау құралы.