Саясаттанушы Ербол Еділов тепкіншекпен қатынауға тыйым салуды ұсынды

Саясаттанушы Ербол Еділов Францияны үлгі етіп, Қазақстанда тепкіншекпен (cамокат) қатынауға тыйым салуды ұсынды.
Саясаттанушы Ербол Еділов электр скутерлерін жалға алуды толық тоқтатқан қала ретінде Парижді атап, көпке үлгі етті. Франция астанасының тепкіншекпен қатынауға тыйым салған алғашқы қала екенін еске салды. Мұнымен қоса, қала тұрғындарының мұндай шешімге дауыс беру арқылы жеткенін мәлімдеді.
Саясаттанушының айтуына қарағанда, Францияда тепкіншектің кесірінен 456 адам апатқа ұшырап, үшеуі қайтыс болған.
«Бұл енді мопедтер мен скутерлердің жалпы статистикасы, ал маңайындағы елді мекендерді есепке алмасақ, Париж қалқының саны Алматымен пара-пар ғой. Бірақ біздегі қаза тапқандар саны көбірек. Мұның бәріне тоқтам қоятын уақыт келген жоқ па?»,- деді саясаттанушы.
Сонымен қатар, сарапшы бейне, фотосурет түсіретін тепкіншектерге қарсы шағым түсіруге болатын ресурс құруды ұсынды.