АҚШ басшысы Иранға қысас көрсетіп, қысым жасап жатыр. Оның мұндай қадамы Иран билігінің ядро бағдарламасын қабылдау кезімен тұспа-тұс келді. 

Америка Құрама Штаттарының үкіметі Иран мұнайын сатып алған бар компанияға қайтара санкция салмақ. Бұл туралы 1 мамыр, бейсенбі күні Ақ үйдің басшысы мәлімдеді. Оның хабарламасы Truth Social әлеуметтік желісі арқылы жайылды.

«Иран мұнайын немесе мұнай-химия өнімдерін сатып алуды бәрі тоқтатсын! Ираннан кез келген мөлшерде мұнай не мұнай-химия өнімдерін сатып алған кез келген елге, кез келген жеке тұлғаға бірден қайтара санкция салынады», — деп жазды Трамп.

Сонымен қатар: «Олардың жолы жабылып, АҚШ аумағында өз кәсібін дөңгелетуіне тосқауыл қойылады», — деп нақтылады.

Орайы келгенде айта кетейік, Иран мұнайын негізінен Қытай сатып алады. Трапмтың мұндай қадамы қос ел арасындағы қарым-қатынасты қатты ушықтыруы мүмкін.