Зеленский мен Макрон Римде жүзбе-жүз жолығып, бейбітшілік жайын талқылады

Зеленский мен Макрон Римде жүзбе-жүз жолығып, бейбіт өмірге жету қадамдарын талқылады.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Франция президенті Эммануэль Макарон Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсіміне қатыстц. Саясаткерлер кейіннен жүзбе-жүз кездесіп, бейбіт өмір жайын талқылады.
— Келіссөздердің басты тақырыбы — бейбітшілікке жету. Ашық аспан, бейбіт өмірге ұласу үшін күш салу, — деп хабарлады Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига.
Орайы келгенде айта кетейік, Зеленский Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне Дональд Трамппен жолығып, сүт пісірім уақыт тілдескен.
БАҚ жазуына қарағанда, 26 сәуір күні Зеленский әйелімен және Украинаның Сыртқы істер министрімен бірге Римге ұшқан. Рим Папасын жерлеу рәсіміне қатысуды маңызды санаған.