Жыл басталғалы 3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алған

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.
— Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% — Өзбекстаннан, 5,8% — Түрікменстаннан, 2,5% — Монғолиядан, 1,9% — Ресейден және 2,2% басқа елдерден. Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ, — делінген министрлік хабарламасында.