ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
30.04.2025

ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің студенті Мұхаметжан Ағыбай Будапештте өткен “WorldSkills Hungary 2025” чемпионатында «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша 1-орын алып, алтын медаль жеңіп алды.
Мұхаметжан Ағыбай — 2024 жылғы WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпазы. Ол енді 2025 жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысуға үміткерлердің қатарында.
Бұл жеңіс — еліміздің ТжКБ жүйесінің сапасын көрсетіп, Қазақстан жастарының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.