АҚШ тиісті жарнаны аудармағандықтан БҰҰ қаржысыз қалып, дағдарысқа ұшырады
02.05.2025

Біріккен ұлттар ұйымында қаржысыз қалды. inbusiness.kz сайтының хабарлауына қарағанда, АҚШ тиісті жарнаны аудармаған.
Әдетте Ұйымның бітімгерлік операциялары үшін бюджеті бөлек қарастырылады. Бірақ биыл қажетті қаржы қоры жиналмаған. Оған басты донор – АҚШ-тың тиісті жарнаны аудармай отыр. Мұның кесірінен қызметкерлердің жалақысын төлеуде қиындықтар туындап жатыр. Бұған Швейцарияда жүздеген адам қарсы шығып, наразылық білдірді. Енді ұйымның халықаралық көші-қон агенттігі таратылуы мүмкін. Ал ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты ірі агенттіктер бір гуманитарлық органға біріктірілуі мүмкін.