АҚШ билігінің бұғауына түскен Колумбия университеті 180-ге жуық қызметкерді жұмыстан шығармақ

фото: fia.com
Колумбия университеті 180-ге жуық қызметкерді жұмыстан шығармақ. Мұндай қадамға Трамптың қырын қарауы себеп болған. АҚШ басшысы университетті Палестинамен ынтымақтастық акцияларын қолдағанына бола жазғырып отыр.
Университет басшылығы қаржыландырудың азаюына байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтты.
Басшылықтың мәліметіне қарағанда, федералды қаржыландыру есебінен жұмыс істеген шамамен 180 қызметкер жұмыстан босатылды.
Бар қаржыны ұқсату мақсатында білім ордасы бірқатар бетбұрыс жасаған: Университет өкілі Джессика Мерфиді бұған қатысты:
— Колумбия университетіндегі зерттеулер саны қысқартылады, кейбір зерттеу толығымен тоқтатылады, ал қазіргі зерттеулер баламалы қаржыландыру көздері есебінен жалғасады, — деп атап өтті ол.
Университет басшылығы бұл шешім созылмалы ауруларды емдеуге байланысты жобалардан бастап онкология саласындағы зерттеулерге дейінгі бірқатар жобаға әсер ететінін мәлімдеді.
Орайы келгенде айта кетейік, АҚШ-та университеттердің федералды қаржыландыруын тоқтатуға қатысты бастамалар төңірегінде пікірталастар толастар емес. Өз кезегінде билік университет кампустарындағы Палестинаға қолдау көрсету акцияларына және әртүрлілік, теңдік пен инклюзивтілікке қатысты бағдарламаларға сілтейді.
Трамп әкімшілігінің «антисемитизммен күрес» саясаты аясында сынға ұшыраған Колумбия университеті оқу орнының 400 миллион доллар көлеміндегі қаржыландыруын сақтап қалу үшін биліктің талаптарын орындау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Бұдан бұрын АҚШ Гарвард-қа бөлінетін 2,2 млрд доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататынын еді.
Сонымен қатар Трамп әкімшілігі Гарвардтан шетелдік студенттерді қабылдау құқығын алып қоюға бекініп отыр. Мұнымен қоса, Гарвардқа бөлген 1 млрд доллар қаржыны кері қайтарып алуды көздейді.