Абай облысы, Аягөз ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары «Жалын» деп аталған робот құрастырған. Ақылды зілтемір тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды жинай отырып, арналардың таза болуын және судың бөгесінсіз ағуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«100 жаңа есім — 100 новых лиц» айдарында біз өзгелерге үлгі боларлық және білім беруге жаңа серпін беретін тұлғалар жайлы баяндаймыз. Бұл жолғы кейіпкерлеріміз — Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде оқитын 5-сынып оқушылары: Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берікқазы. Олар су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты.

Жобаның негізгі мақсаты — су арналарында қоқыстардың жиналуының алдын алу. Оқушылар экология, инженерия және робототехника сабақтарында алған білімдері бойынша құрастырған.

«Жалын» деп аталған робот тұрмыстық қалдықтар мен жапырақтарды жинай отырып, арналардың таза болуын және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.

Олардың идеядан бастап іске асыруға дейінгі барлық кезеңді табысты өткеріп, механикалық тазарту қағидаларын және бағдарламалаудың негіздерін толық зерттеп-зерделегені хабарланды.