Алматы қаласы әкімдігі, Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады.

6626 өтінім қабылданып, оның 3412-сіне оң шешім шыққаны хабарланды. Ең көп өтінімді білім беру саласының қызметкерлері жолдаған. Саны – 2191 адам. Одан кейінгі орындарда:

  • денсаулық сақтау саласы – 1381 өтінім,
  • жұмыс істейтін жастар – 881,
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар – 635,
  • коммуналдық қызметтер – 428,
  • мәдениет – 360,
  • құқық қорғау органдары – 343,
  • әлеуметтік сала – 245,
  • спорт – 86,
  • журналистика – 76 адам.

3412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Салалар бойынша олар төмендегідей бөлінген:

  • білім беру – 994 адам,
  • денсаулық сақтау – 630,
  • жұмыс істейтін жастар – 759,
  • республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері – 249,
  • құқық қорғау органдары – 167,
  • басқа салалар – 613.

Бағдарлама қорытындысын осы сілтемеге өтіп, сайттың төменгі жағынан көруге болады.