Жаздың соңғы айында Испанияда аптап ыстық басталды. Салдарынан Бадахос қаласында 85 жастағы ер аадам қайтыс болды.

Жаздың ыстық райы дүйсенбі күні елде қайта басталды, шілденің ыстығынан енді ғана ес жия бастаған испандықтар күннен қайта қорғанып жатыр. Айта кету керек, биыл шілде айы тарихтағы ең ыстық болған айлардың бірі ретінде тіркелді. Сондай-ақ күннің ыстығынан қаза тапқандар көрсеткіші жылдағыдан жоғары.

Ресми мәліметтерге сәйкес, шілде айында Испанияда ыстықтан 1060 адам қайтыс болған – бұл өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 57%-ға көп.

фото: x.com желісінен / фотода 5 тамыз бен 6 тамыз күндері төтенше жағдай жарияланған аумақтар 

Биыл елде жыл басынан бері ыстықтан қаза тапқандар саны 3200-ден асқан. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі статистискадан әлдеқайда жоғары. Елдің тоғыз аймағында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланып, «қызыл» аймақтар бекітілді. Кей өңірде ауа температурасы 42 градусқа дейін жетуі мүмкін. Испанияның метеорологтары ыстық ауа райы кем дегенде келесі жексенбіге дейін жалғасатынын ескертіп, дабыл қақты.

Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай