Түркия тұңғыш рет телекоммуникациялық жер серігін іске қосты

Түркия тұңғыш рет өзінің телекоммуникациялық жер серігін іске қосты. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған тарихи жетістікке қатысты пікір білдіріп, жетістікке “тарихи мүмкіндік” деп баға берді.
Телекоммуникациялық жер серіктің атауы – TÜRKSAT 6A. Бұл жайлы Ttrthaber агенттігі:
«Түркияның алдына тарихи мүмкіндік ашылды. Түркияның жаһандық жүйеде өз орнын алуына аз қалды», – деп мәлімдеді Ердоған.
Ердоғанның хабарлауынша, TÜRKSAT 6A – ұлттық байланысты қамтамасыз еткен алғашқы жерсерік. Құрылғы 2023 жылы 9 шілдеде ғарышқа ұшырылған. Ал алғашқы сынақ трансляциясы 2024 жылғы 17 ақпанда болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Түркияның әлемдегі өз жер серігін жасай алатын 11 елдің қатарына енгенін айтты.
Түркия медиасының хабарлауынша, аталмыш жер серігі 15 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Қазір елге тиесілі жер серігінің сағы 10-ға жеткен.